АҚШ президенті Трамп КХДР-да қамауға алынған америкалық студенттің өліміне байланысты, Солтүстік Кореядан жауап беруді қатаң түрде талап етіп отыр. Сонымен бірге Трамп сейсенбі күні Солтүстік Кореяны ядросыздандыру үшін Қытай уәде бойынша қысымды арттыруы тиіс екенін де айтты. Бұған қоса АҚШ-тың бір қатар жаңа сыртқы саясаттарын да атап өтті. Бұл туралы «The Wall Street Journal» басылымы хабарлап отыр.
Трамп өзінің Twitter парақшасында: «Мен Солтүстік Корея мәселесінде жасаған көмегі үшін ҚХР мен сол елдің басшысы Ши Жинпинге айрықша рахметімді айтқым келеді. Дегенмен, бұл күш біріктіру оншалықты оң нәтиже көрсетпеді. Сондықтан, Қытай жақтың Солтүстік Кореяға жасайтын қысымды арттыруын үміт етемін», – деп жазды.
Естеріңізде болса, сәуір айындағы Қытай басшысының АҚШ-қа сапары кезінде екі елдің көшбасшылары Солтүстік Кореяда ядролық және зымыран бағдарламалары мәселесін шешу үшін бірлесіп жұмыс істеуге келіскен болатын. Соңғы бірнеше аптада, америкалық басылымдар Трамптың Twitter парақшасында Қытай басшысын мақтаған лебіздерін жиі көріп жүргендерін айтады. Бірақ, сейсенбі күнгі сөзінде екі ел келісімінің ойдағыдай іске аспай жатқанын айтып отыр.
Ал, Ақүй мәлімдемешісі Шон Спайпердің жақын күндері болып өткен баспасөз мәжілісінің бірінде айтқаны, Трамптың сөзіне сәл қайшы келеді. Қытай мен АҚШ Корей түбегін ядросыздандыруда анық селбестікке қол жеткізді. Алда, Солтүстік Кореяға бағытталған қысымды арттыра түсетін боламыз», – деген болатын. Ол тағы Корей түбегі мәселесінде АҚШ Қытаймен болған селбестігін жалғастыра беретінін айтты.