Ресей Қырымды өзіне қосып алуды 10 жыл бойы жоспарлады деп мәлімдеді Украина ұлттық гвардиясының басшысы генерал-лейтенант Юрий Аллеров Апостроф ақпарат көзіне берген сұхбатында.

«Мен Қырымда ұзақ уақыт бойы Красноперекопск, Симферополь және Севастополь да бригада командирі қызметін атқардым. Сол кезде 2005 жылдан бері ресейліктер Украина азаматтарын біртіндеп жоғары қызметтерден алып тастап жатқанын байқадым.  Қырымда 2005 жылдан бері тек Ресей азаматтығы бар әскерилер ғана  қалды. Ол уақытта бұл жайында айтсаң арандату деп қабылданатын еді. Бірақ қазір сараптамалар көрсетіп отыр бұл істердің неге алып келгенін.» - деді Юрий Аллеров.

Бұдан бөлек Аллеров 2014 жылғы  соғыс, Ресейдің Украинаны еш уақытта тәуелсіз ел ретінде қарамағандығының дәлелі деген.

“The Qazaq Times”