Еуропа лигасындағы Қазақстандық клубтардың қарсыластары кімдер екені белгілі болды.
Швейцарияның Ньоне қаласында футболдан Еуропа лигасы ойындарына жеребе тастау рәсімі өтті. Жеребе бойынша алматылық «Қайрат» литвалық «Атлантс» клубымен, Шымкенттік «Ордабасы» Босния және Герцеговиналық «Широки Бриег» командасымен, павлодарлық «Ертіс» Болгариялық «Дунав» клубымен кездесетін болды.
Қазақстандық үш клуб та Еуропа лигасын бірінші іріктеу кезеңінен бастайды. «Қайрат», «Ордабасы», «Ертіс» Еуропа лигасы аясындағы алғашқы ойындарын маусымның 29 мен шілденің 6 аралығында өз алаңдарында өткізетін болады.
Бұдан бөлек «Астана» футбол клубының чемпиондар лигасындағы қарсыласы анықталған. Ол литвалық «Спартак Юрмала» командасы. Қазақстан чемпионы «Спартак Юрмала» клубын өз алаңы «Астана Арена» стадионында маусымның 11 күні қабылдайтын болады.