Қытай үкіметі ресми мәлімдеме жариялап, елдің шығыс провинцияларының бірінде орын алған жарылыстан 8 адам қаза тапқанын хабарлады. Жарылыс 15 маусым күні түстен кейін, Жияңсу провинциясындағы бір балабақшаның маңында орын алған. Бұл туралы «The Wall Street Journal» басылымы хабарлап отыр.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарына сүйенсек, жарылысты бастапқыда қақпа маңындағы тамақ сататын жылжымалы дүңгіршектің газ баллонынан туындаған деген болжам жасалған. Қытай үкіметінің ресми баспасөз қызметі елдің Орталық телевизиясына (China Central Television/CCTV) берген хабарында, Мемлекеттік қауіпсіздік органдарының мәліметі бойынша жарылысты 22 жастағы Шүй (Xu) есімді ер адамның жасағаны анықталды деді. Жарылыс тудырушы өзі де қаза тапқан.

Жарылыс болған балалар бақшасы. Фото: The Wall Street Journal.
Қытай Орталық телевизиясының берген хабарында, оқиғада 8 адам қаза болып, 65 адам түрлі жарақат алған. Тергеушілердің айтуынша, жарылыс болған жерден қолдан жасалған жарылғыштың қалдықтары табылған. Сондай-ақ, балабақша жанындағы қабырғаларға «өлім», «өлтіру», «қыру», «жару» деген сөздердің жазылғаны айтылды.
Жарылыс Қытайдың Жияңсу провинциясына қарасты Шүйжоу қаласында болған. Жергілікті үкімет орынның айтуынша, жарылыс болған кезде балабақшадағылар жұмыстан қайтып кеткендіктен, зардап шеккендер арасында балалар мен балабақша қызметкерлері болмаған.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы