Катар дағдарысы басталғалы бері, Түркия жақ белсенді ара-ағайындық жасап келеді. Түрік президенті Ердоған да бұл іске белсене кіріскені байқалады. «Анатолы» ақпараттық агенттігінің хабарына қарағанда, Түркияға сапарлай барған Тунис сыртқы істер министрімен кездескен Түркия СІМ басшысы Мәвлут Чавшоғлұ да Түркияның Катар дағдарысын жақсартуға барын салатынын айтқан.
Түрік СІМ басшысы сөзінде: «Біз бауырлас елдер арасындағы дипломатия дағдарысын жақсартуға, шын ниетімізбен күш салып келеміз. Бұл кезекте Тунис те өзінің оң ықпалын көрсетіп отыр. Дегенмен мұсылмандардың қасиетті айында кейбір араб елдерінің бауырлас Катарға мұндай қысым жасауы мұсылмандыққа жат», – деді.
Екі ел министрлері бір ауыздан Катар дағдарысын оңау үшін Шығанақ ынтымақтастық кеңесінде ортақ талқылап, келіссөздер арқылы ғана шешіледі деп тапты. Тунис жақ аталған мәселені шешуде Түркияның ұстанымын толықтай қолдайтынын жеткізді.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы