15 маусымда АҚШ полициясы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның 9 күзетшісін тұтқындауға байланысты қаулы шығарды.
16 мамыр күні Ердоғанның АҚШ-қа сапары кезінде Уашингтондағы Түркия елшілігі алдында ереуілге шыққан күрдтер мен армияндарды Ердоған күзетшілері соққының астынан алған болатын.
Осыған байланысыты маусымның 15 күні Уашингтон полициясының басшысы Питер Ньюзэм, Ердоғанның 9 күзетшісі мен Түркия әскерінің 3 офицеріне АҚШ-қа келіп заң алдында жауап берулерін сұраған.
АҚШ полициясының бұл әрекетіне Ердоған: «Бұл не деген заң? Егер менің күзетшілерім мені қорғамаса, онда мен оларды неменеге Америкаға алып бардым?» - деп жауап берген.
Ал Түркия Сыртқы істер министрлігі Анкарадағы АҚШ елшісі Джон Боссты осыған байланысты түсініктеме беруге шақырған болатын.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы