Жақында АҚШ-тың Showtime арнасында таратылған «Путинның сұхбаты» әлемдік бақтың көп күнгі талқылау тақырыбына айналып отыр. Аталған сұхбатта Путин көптүрлі кілтеңді тақырыптарда сөз қозғаған. Соның бірі АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманы да соғып өтті. Соған орай АҚШ-тың кейбір басылымдары Обама президент те «Ресеймен астасушы ма?» деген мазмұндағы мақалалар жариялай бастаған. Бұл туралы Қытайдың «Шинлаң» ақпараттық агенттігінің ресми сайты жазып отыр.
Путин америкалық режиссер Оливер Стоун берген сұхбатында, оны мен АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама екеуі телефон арқылы тілдескен кездерінде «Барак» және «Владимир» деген шартты есімдерді пайдаланғандарын айтқан. Шартты атауларға президенттердің жеке есімдерінің қолданылуы америкалықтардың күмәнін қозғаса керек.
Сұхбат үстінде де Оливер Стоун бұның күмән тудыратын мәселе екенін айтты. Бірақ ол өзінің бұл іске таңданысын жасыра алмады.
Путин осыдан кейінгі сөзінде: «2014 жылы Украина дағдарысы басталғаннан кейін, біз үнемі телефон арқылы сол кездегі жағдайлар туралы пікір алмасып тұрдық», – деді. Бұл сөздер таралысымен америкалықтардың Барак Обама туралы күдіктері оянды деуге болады. Себебі, Уашингтон билігінде «антиресейшілдік» ертеден қалыптасып, президенттерінің бұл жақтағы ұстанымына қатты қадағалау дәстүрге айналған.