Ресей президенті Владимир Путин Ушингтонды Ресей жеріндегі террорлық топтарды қолдап, Ресей бірлігін бүлдіріп отыр деп айыптады. Мәскеу мен Уашингтон арасындағы шиеленістің күшеюіне байланысты соңғы кезде екі елде мұндай айыптаулар жиілей бастады.
«Парс.Ақпарат» агенттігінің хабарына қарағанда, Ресей президенті Владимир Путин: «АҚШ Шешенстан лаңкестерін қолдап, оларды Ресейдің тыныштығын бүлдіру үшін пайдаланғалы отыр. Америкалық барлау ұйымдары Мәскеудің ескертулері мен айыптауларына қарамастан Шешенстандағы лаңкестерге ақпараттық, саяси және қаржылық қолдау көрсетіп отыр», – деген.
РФ президентінің айтуынша, Мәскеу АҚШ барлау ұйымдарының Ресейдегі кейбір лаңкестік топтарды түрлі жақтан қолдап отырғанын дәлелдейтін құжаттарды жинап, кейбіреуін АҚШ-қа тапсырған.
Мәскеудің айтуына қарағанда АҚШ Шешенстанның лаңкестерін кейде жасырын, кейде әшкере түрде қолдап отыр. Олардың Ресей тұтастығын бүлдіру үшін пайдаланбақ екен. Путин осыдан бұрында Солтүстік Кавказ өңіріндегі лаңкестерді АҚШ барлау ұйымының астыртын қолдап келгенін, оны ресейлік барлау ұйымдары анықтағаны туралы айтқан болатын.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы