Қазақстанның мұнай қорындағы таза қаржы активтері өте жылдам таусылып қалуы ғажап емес. Мұндай мәлімдемені Дүниежүзілік банктің Орталық Азиядағы экономисі Христос Костопулос Астана экономикалық форумында мәлімдеді.
Оның түсіндіруінше, егер мемлекет экономикалық саясатын өзгертпесе және мұнай қорының жаңа транзакциялары енгізілмесе бұл болжам іске асуы мүмкін. Сондай-ақ, мемлекеттің мұнай активтеріне қатысты сұрақ туындай береді.
"Кейбір сарапшылар бұл Қазақстан үшін уақытша құбылыс болатынын айтады. Әрине мұнай ресурстарын экономика үшін инвестициялағаны ақылға қонымды. Алайда бар мәселе оның қандай қарқынмен жүзеге асырылып жатқанында болып тұр. Біздің байқауымызша, 2008-2016 жылдар аралығында ЖІӨ-дегі мұнай үлесі 10-15%-ды құрады. Елдің мұнайды қолдану қабілеттілігін ескерер болсақ, бұл үлкен көрсеткіш. Сондықтан қор өте жылдам азайып кетуі мүмкін", - деді ол.