Румыния үкіметінде барлық министрлер отставкаға кетті деп хабарлайды Укринформ ақпарат агенттігі.
Румыния үкіметінде ел премьер-министрі Сорин Гриндияннан басқа министрлердің барлығы өз еріктерімен отставкаға кеткен.
«Партияның соңғы отырысында біз социал-демократтар қатарындағы барлық министрлер өз еріктерімен отставкаға кеткендіктері жайында естідік. Біз енді жаңа үкімет жасақтауға дайындалып жатырмыз. Оған социал-демократтардан бөлек, либерал-демократтарда кіретін болады», - деді партия көшбасшысы Ливиу Драгня журналистер алдында сөйлеген сөзінде.
Ал Румыния премьер-министрі Сорин Гриндиян өзінің орынынан кету, кетпеуін алдағы уақытта ел үкіметінде өтетін баспасөз мәслихатында мәлімдейтінін айтқан.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі