АҚШ пен Катар оннеше Боинг F-15 жойғыш ұшақтарын Катарға сатып берудің алдын ала келісіміне қол қойған. Бұл қадам Трамп үкіметі үшін Араб мемлекеттер арасындағы дауды одан арман өршіту үшін жасап отырғаны айдан анық. Бұл туралы танымал басылым «The Wall Street Journal» басылымы хабарлайды.
Катардың Қорғаныс министрі келісімшарттың құнын 12 млрд АҚШ доллары деп бағалады. Бұған АҚШ-та 60 мың жаңа жұмыс орын ашылады. Екі ел өкілдерінің айтуынша келісімшартқа қол қоюға АҚШ Қорғаныс министрі Мэттис пен Катар Сыртқы істер министрі Халлит әл-Аттияһ сәрсенбі күні қол қойған. Катар жақтың қорғаныс өкілдерінің берген мәліметінде, бұл ынтымақтастық екі жақтың әскери істердегі ынтымақтастығы ғана емес, америкалықтардың жаңа жұмыс орындарын ортақ көбейтіп, экономикалық селбестік орнатудың ұзақ мерзімдік селбестігі деп көрсетті.
Сауд Арабиясы бастаған жеті араб мемлекеті өткен апатада Катар мен дипоматиялық қатынастарын үзіп, әуе және теңіз жолдарын кесіп тастаған болатын. Олар Катарды террористік ұйымдарды қолдап отыр деп айыптаған. Алайда, бұл әңгіменің басы одан бірер апта бұрынғы Сауд Арабиясына жасаған АҚШ президентінің сапарынан басалса керек. Ал бүгінгі Катармен болған келісім, араб елдері арасындағы дауды өршітпесе баспайтыны анық.