Иран Қарулы күштерінің орынбасар штаб бастығы Мұстафа Изади 11 маусым күні хабарлама жариялап, АҚШ-тың «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымын тікелей қолдап отырғанын растайтын құжаттар мен дәлелдемелерге қол жеткізді деді. Бұл туралы «Парсы.Ақпарат» агенттігіне сілтеме жасай отырып, қытайлық «Шинхуа» агенттігінің ресми сайты – Xinhua.net хабарлап отыр.
Мұстафа Изадидың мәлімдемесінде: «Біз аймақтағы бір түрлі «Өкілдік соғыс» күштеріне тап болып отырмыз. Бұл Иранның жаңа жасырын күштерге қарсы күрес жүргізуге еріксіз мәжбүр етеді», – деді. Ол және сөзіне елдің рухани көсемі Аятолла Хоменидің сөзіне сілтеме бере отырып, Иран жағының «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымын тікелей қолдаушы АҚШ үкіметі екенін дәлелдейтін құжаттарға қол жеткізгенін айтып өтті. Ол және: «Өкінерлігі – залым қолдаушы мен сұрқия топ көптеген ислам елдерін ішінен ірітіп, күйретіп бітірді. АҚШ болса "Ислам мемлекеті" ұйымының артына жасырынған нағыз террорист ел», – деген пікірін білдірді.
Алайда, «Russia Today» телеарнасының 11 маусым кеште таратқан хабарында, Иранның бұл дәлелдемелер мен құжаттарды ашып көрсетпегенін айтып өтті.
9 маусым күні Иран үкіметінің ресми мәлімдемешісі Али Ларижани де осыған ұқсас ескерту жасаған болатын. Ол сөзінде: «АҚШ үкіметі қорқынышты лаңкестік ұйымдарды қолдаушы ең қауіпті ел», – деп кесетті. Десе де, Аятолла Хомени «АҚШ сұрқиялығы ирандықтардың бірлігі мен сенімін бұза алмайды. Ирандықтар сұрқия жаулармен бірлікте күресетін болады», – деген болатын.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы