Украина президенті Петр Порошенко ел аумағында георгий таспасын өндіруге және насихаттауға тыйым салатын заңға қол қойды.
Мамыр айының ортасында Жоғарғы рада қабылдаған заң бойынша Украина аумағында георгий таспасын өндірген, насихаттаған, көпшілік ортада тағып жүрген адамға айыппұл салынады немесе әкімшіліктік жауапкершілікке тартылады.
Айыппұл көлемі 850-2550 гривнаға дейін (шамамен 32-97 доллар). Егер құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанатын болса айыппұл құны 2,55-5,1 гривнаға дейін (шамамен 97-190 долларға) өседі немесе 15 күнге қамалады.
Бірақ бұл заң Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне әскер етпейді. Олардың соғыстан алған төс белгілеріндегі георгий таспалары сол қалпында қалады.