Катар Сыртқы істер министрінің мәліметінде Иран мен Ресей Катарға көмек ретінде жаппай азық-түлік экспорттау ұсынысын жасаған. Бұны Катар СІМ басшысы ресейлік «Россия 24» телеарнасына берген сұқпатында айтып өтті. Бұл туралы ИРНА ақпараттық агенттігі хабарлап отыр.
Катар Сыртқы істер министрі Мұхаммед бин Абдурахман әл-Сани жексенбі күнгі сөзінде: «Иран Катардың басқа дос елдері секілді азық-түлік экспортын арқылы көмек қолын созбақ. Ресейде осындай ұсыныс жасап отыр. Дегенмен, әзірге мұндай көмек қабылдайтын кез жете қойған жоқ. Себебі, осындай көмекті бұдан бұрында бірнеше дипломатиялық дос елдер жасап отыр. Айталық, Түркия қатарлы елдер», – деді.
Катар министрі Мұхаммед араб елдері алғаш санкция жариялаған кезде халықтың дүкендерде жаппай азық-түлік сатып алып, алаңдаушылық білдіргенін мойындай келіп, қазір бұл жағдайдың реттеліп қалғанын айтты.
Ресей Ауыл шаруашылық министрлігі де Катардағы халықтың қажет еткен барлық ауыл шаруашылық өнімдерін жеткізіп беруге дайын екендіктерін білдірді.