Германияда сапарда жүрген Катардың Сыртқы істер министрі Мұхаммед 8 маусым күні Германияның Сыртқы істер министрі Габриэльге кездесті. Катар министрі Мұхаммед Сауд Арабиясы бастаған бірқатар араб елдерін айыптады. Бұл туралы қытайлық «Шинлаң» ақпарат агенттігінің ресми сайты хабарлап отыр.
Катар Сыртқы істер министрі сөзінде: «Қазіргі кезде Сауд Арабия мен оған жақтас елдердің жасап отырған әрекеттерінің халықаралық заң-ережелерге ауыр дәрежеде бұзып отыр. Әрі, Катарға «Әділетсіз дағдарысты» мақсатты түрде ұйымдастырып отыр. Бір осы істің өзі өңірдегі қайшылықтар жөнінен от үстіне май құйғанмен бірдей», – деді. Тіпті ол Сауд Арабиясы бастаған елдердің мұншалықты ауыр дағдарыс орнататындай Катардың қандай жазығы бар екенін де түсінбейтінін айтып өтті.
Дегенмен катарлық аталған лауазымды қалыптасқан жағдайды бейбіт келіссөздер арқылы шешілуінен үміткер. Германия СІМ басшысы ресми Берлин тарапының мәселенің бұдан ары ушығып кетуін қаламайтынын жеткізді. Сондай-ақ, мәселенің бейбіт жолмен шешілуіне барынша қолқабыс ететіндіктерін айтты.

















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы