Флеш-жады негізіндегі өнімдер өндіруге жауапты Kingston Digital бүгінгі күнге дейін болып көрмеген, ең үлкен сыйымдылықтағы – 1 және 2 терабайт көлеміндегі USB-жинақтаушы өнімін таныстырды.
"Naked Science"-тың хабарлауынша, жаңа USB - Kingston DataTraveler Ultimate Generation Terabyte (GT) деген атаумен аталады. Стандартты USB-флештермен салыстырғанда, оның сыртқы көлемі сәл үлкен.
Бұл құрылғыға MP3 форматындағы 34 мың сағаттық музыка, 80 күн көруге болатын видео, 620 мың фотография және жоғары сапалы 1000 фильм сияды. Құрастырушылар жинақтаушы USB-ге 70 сағаттық 4К-видео де салуға болады дейді.
«The Qazaq Times»