Ақпарат көздерінің айтуынша, АҚШ әділет министрі Жэф Сашенс (Jeff Sessions) соңғы апталарда өзінің отставкаға кететіні туралы өтініш білдірген. Ол бұл шешімге Әділет департаментінің Ресейдің 2016 жылғы АҚШ президент сайлау ісіне араласуы мен Трамп командасының Ресеймен байланысы туралы тексеру ісіне араласпауы үшін жасаған деген дерек бар.
«The Wall Street Journal» басылымының хабары бойынша, бұл деректерді жеткізуші аты-жөнін білдірмеген Ақүй шендісі сөзінде: «Бұл ресми дерек емес. Олар әлі отставкаға кету өтінішін берген жоқ. Өз басым Әділет министрінің отставкаға кетуін қаламас едім», – дейді. Сашенс болса сайлаудан бұрынғы Трамптың сенімді жақтаушыларының бірі болып саналады. Оның үстіне Сашенстің отставкаға кету жоспары қысқа мерзімге жоспарланып отырған жоқ. Ал, Трамп пен Ақүй өкілдері Әділет министрлерінің бұлай өз қызметінен бас тартуын қолдап отырған сыңай танытпайды.
Осыған дейін Сенаттың бақылаушы комитеті алдағы екі күнде қарқынды тексеру қызметін жолға қоятынын айтқан болатын. Бұл Трамп үкіметтінің Ресеймен байланысын тексеруді де өз ішіне алады. Ал оған қазіргі және бұрынғы Әділет департаментінің қызметкерін айғақ ретінде тартқалы отыр.
Ақүй мәлімдемешісі Шон Спайсер сейсенбі күнгі Ақүй баспасөз мәжілісінде Әділет министрінің сенімділігі туралы сұрақтарға жауап берген жоқ. Тек бұл мәселе төңірегінде президентпен диалогта болмағанын ғана айтты.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді