Бүгін бірқатар Таяу шығыс елдерінің Катармен арадағы дипломатиялық қарым-қатынасты үзуі салдарынан елдің қор индекстері әлсіреді. Rosbalt.ru сайтының мәліметінше, сауда кезінде QE All Share қор индексі 7,6%-ға, Qatar Ex м QE TR 7%-ға төмендеген.
Айта кетейік, бүгін Біріккен Араб әмірлігі, Бахрейн, Египет және Сауд Арабиясы Катармен арадағы дипломатиялық қатынастың үзілгенін мәлімдеген. Олардың айтуынша, Катар лаңкестік, экстремистік және конфессияаралық топтарды қолдап, қаржыландырып отыр. Сондықтан Дохамен арадағы дипломатиялық миссия және дипломатиялық қызмет көрсету тоқтаған. Енді теңіз, әуе қатынастарын тоқтатпақ.
Сондай-ақ, дипломатиялық қатынасты Йемен мен Ливия да үзді. Қазіргі уақытта Катар астанасы Дохаға қатынайтын Emirates и Etihad Airways (БАӘ), Saudia (Сауд Арабиясы), Gulf Air(Бахрейн) және Egypt Air (Египет) рейстері шектелді. Reuters агенттігінің мәліметінше, БАӘ-нің Flydubai әуе компаниясы да рейстерді тоқтатқан.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы