Оңтүстік Кореяға келген АҚШ делегациясымен кездесу кезінде, Корей президенті Мүн Жа-Ин өзінің Корей-АҚШ бірлескен армиясындағы АҚШ армиясына төленетін қаржыны талап етуінен алаңдайтынын жасырмады. Сонымен бірге, дауы арылмаған АҚШ зымыран қорғаныс жүйесін орнату ісі турасындағы күмәндарын да ашық ортаға салды.
Мүн Жа-Ин сәрсенбі күні АҚШ Демократтар партиясының Сенаттағы екінші өкілі, Иллинойс штатының сенаторы Ричард Дурбинмен кездесу барысында жоғарыдағы даулы түйіндерді айтқан болатын. Бұл мәселерде АҚШ пен Корея арасында салмақты келіспеушіліктерге себеп болуы мүмкін. Корей жаңа преқиденді маусым айында Уашингтонға сапарлай барып, президент Трамппен кездеспек.
Дурбиннің айтуына қарағанда, Жоғары кеңістікте әуеде қорғаныс жүйесінің Терминалы аталған президенттер кездесуінің басты тақырыбы болғалы тұр. «Саад» жүйесі болса Мүн Жа-Ин үкімет басына келуден бұрын АҚШ-Корей арасындағы келісім болып табылады. Ал екі ел қорғаныс саласының жоғары лауазымдылары осы аптада Уашингтонда бұл атаулы мәселе туралы келіссөз өткізбек.
Корей президенті болса бұл жоспардың алдағы келіссөзден кейін қайта қаралуын үміт етіп отыр. Себебі, Мүн Жа-Ин үшін мемлекеттің ішкі сыртқы жағдайын орнықтырып, Қытай мен Солтүстік Кореядан келетін қысымды азайту үшін «Саад» жүйесін еліне кіргізбей тұруға тырыспақ. Алайда көп жылғы одақтасы АҚШ-пен бұл жайында сөзі жараса ма, жоқ – бұл алдағы келіссөздердің еншісінде.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?