Ауғанстан ІІМ мен қатысты куәгерлердің хабарлауынша, сол жердің жергілікті уақытымен сәрсенбі күні таңертең, ел астанасы Кабулдың қала орталығына орналасқан шетелдік елшіліктер мен әскери базаларға жақын маңында аса ауыр жанкешті шабуыл оқиғасы туылды. Күшті жанкештілік шабуылдың нәтижесінде елдің орталық қаласы қара түтінге оранды.

Ауғанстанның Денсаулық сақтау тарауларының берген мәліметіне сүйенсек, әзірге дейін өлгендер мен жараланғандардың нақты саны анық болмай отыр. Бірақ, 70-тен аса бейбіт тұрғын жараланып ауыруханаға жеткізілген.

Әзірге дейін жарылысты ешбір лаңкестік ұйым өз үстіне алмаған. Бұл туралы “The Wall Street Journal” басылымы хабарлап отыр.

“The Qazaq Times”