АҚШ әскерилері Сүрия күрдтеріне қару-жарақ тасмалдауын бастады деп хабарлайды ВВС ақпараттар қызметі.
Пентагонның айтуынша сүриялық күрдтер алдағы уақытта Ракка қаласын «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының содырларынан азат ету операциясына қатысатын болады. Сол себепті АҚШ, Сүрия күрдтерін қару-жарақпен қамтамасыз етуін қазірден бастап кеткен.
Алайда АҚШ-тың бұл әрекетіне Түркия өз наразылығын білдіруі мүмкін. Өйткені ресми Анкара Сүрия күрдтерін Түркия аумағында террорлық ұйым деп саналатын «Күрдстан жұмысшылар партиясымен» қатысы бар деп есептейді.
Ракка қаласы 2014 жылдан бері «Ислам мемлекеті» лакестік ұйымының қарамағында. Қазіргі таңда бұл қала Сүрия аумағында «Ислам мемлекеті» содырларының басты қозғаушы күші болып саналады.
АҚШ Ракканы «Ислам мемлекеті» лакестерінен азат етуге 2016 жылдың қараша айынан бері күш салып келеді.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер