Қазақстанға ипортталатын жеңіл көліктер саны азайып жатыр. Осы жылдың 3 айында Қазақстанға 4,7 мың автокөлік келген және бұл өткен жылдың қаңтар-наурыз айымен салыстырғанда 11%-ға аз. Ал осыдан үш жыл бұрын елімізге импортталған көліктердің саны шамамен 32,4 мың болған. Бұл қазіргі кезеңмен салыстырғанда 7 есеге жоғары.
Елімізге келетін көліктер саны азайғанмен, олардың бағасы қымбат болып отыр. Осы жылы жеңіл транспорттардың импорты 92,5 млн доллар болған. Бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңіне карағанда 41%-ға жоғары.

Finprom.kz агенттігі ұсынған мәліметтер
Қазіргі кезде қазақстандықтар үшін автокөлік сатып алу қымбат. Себебі статистикаға сүйенсек, Қазақстанда тіркелген жеңіл көліктердің саны 7,5 мың бірлікке аз. Сондай-ақ, 2016 жылдың тамыз айы мен 2017 жылдың ақпан айында республикадағы көліктер саны 19 мың бірлікке қысқарса, көлік сатып алушылар саны да біршама азайған.
Қазақстанға ең ірі көлемде көлік импорттайын ел Ресей болып қала береді. Осы жылы Ресейден келген көліктер үлесі - 66%. 2017 жылдың қаңтар-наурыз айында бұл елден 3,1 мың көлік келген. Алайда соңғы бір жылда Ресейден жеткізілетін көліктер 24%-ға қысқарған. Бұған қоса баға да 35%-ға дейін қымбаттаған.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді