АҚШ алғаш рет өзінің құрлықаралық баллистикалық зымырандарды атып түсіруге қауқарлы құрылғысын сынақтан өткізбек.
Бұған дейін АҚШ әскерилері тек қысқа қашықтықтағы жылдамдығы төмен зымырандарды ғана атып түсіре алатын. Енді 30 мамыр күні Калифорния штатындағы жер астындағы Ванденберг әскери базасында орналасқан GMD құрылғысымен, Маршал аралындағы Рейган сынақ алаңынан ұшырылатын континентаралық баллистикалық зымыранның макетін атып түсірмек.
АҚШ әуе қорғанысы агенттігі өкілі Кристофер Джонсон журналисттерге берген сұхбатында «Бұл жолғы сынақтың басты мақсаты құрлықаралық зымырандарды атуып түсіруге арналған Ground-based Midcourse Defense, GMD құрылғысын тексеру. Жыл өткен сайын әлемде әскери техникалардың дамуына байланысты, біз де бұл жолғы сынаққа күрделі тапсырмаларды енгізбекпіз. » деген.
GMD құрлықаралық зымырандарға қарсы құрылғысы бұған дейін 2014 жылы сынақтан сәтті өткен. Бірақ оның алдында қатарынан үш бірдей сынақтан сәтсіз өткізілген болатын.
Жалпы,GMD құрылғысына 1997 жылы АҚШ әскерінің арсеналына енгеннен бері 39 рет сынақ жасалған. Оның 20-сы құрылғыны ұрыс кезінде тексеру үшін болса, 17-сі нысандарды дәл көздеп ату үшін. 17 сынақтың тек 8 ғана сәтті аяқталған. Қалған кездерде GMD зымырандары нысанаға жете алмаған.