Ресейдің мемлекеттік думасы жаңа виза енгізуге қатысты заңды қабылдады. Бұл заң бойынша шетелдіктер Ресейде уақытша тұруға рұқсат ала алады. Осылайша жаңа құжат қолданыстағы кәдімгі визалардың тізімін толықтырды.
Виза шетелдік қонақтарға және азаматтығы жоқ адамға төрт айдан кем емес уақыт Ресейде тұруына мүмкіндік береді. Құжат Сыртқы істер министрлігінен беріледі.
Сондай-ақ, "Цифрлы экономика" бағдарламасы аясында Ресейдің коммуникация және байланыс министрлігі 2019 жылдан бастап "Отандастар картасын" енгізу туралы бастама көтерген. Бұл жүйе орыс тілін жетік меңгерген, Ресейден шыққан білікті шетелдіктерге елге келіп жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Алайда бұл ұсыныс сыншылар мен мұны жақтаушылар арасында қызу талқыланып жатыр.