Үндістанда жаңа жыл қарсаңында орын алған жаппай тәртіпсіздік оқиғасынан көптеген әйелдер зардап шекті.
«Жаппай тәртіпсіздік оқиғасы» туралы хабарлар қазір үндістандық БАҚ-ты шарлап жүр. The New York Times-тың хабарлауынша, жаңа жыл қарсаңында, Үндістанның Бангалор қала көшелерінде көптеген әйелдер көше толы содырлардың зорлауы мен жәбірлеуіне ұшыраған. Қаланы тәртіпке салып, бұзақыларды тарату үшін қаланың барлық құқық қорғау орындары жұмылдырылған. Жерлгілікті шенеуніктер оқиғаны тексере келе, әйелдердің зорлық-зомбылыққа ұшырауындағы басты себеп –олардың киім кию стилінде дегенді айтты.
Бұндай оқиғалар соңғы жылдары Үндістан елінде көптеп туылуда. 2012 жылы 23 жастағы үндістандық қыз әлеуметтік көлік ішінде бір топ содырлар жағынан жәбірленіп, кейін ауыр жарақаттан қайтыс болған. Алайда, сол кезде қылмыстық істі тергеушілер басты кінәны жәбірленушінің өзінде деп тапқан. Себебі, қыздың Батыс үлгісіндегі ашық-шашық киінуі, содырлардың мұндай қадамға баруына түрткі болған деген шешімге тоқталған. Осыдай шешімдерге қарсы қоғам мүшелері наразылық танытып келеді. Үндістан үкіметі заң-түзімді барынша қатайтып, қоғамдық бақылауды арттырғанымен мұндай оқиғалар жылдан-жылға көбейе түскен. Қазір Үндістан үкіметінде көптеген шенеуніктер осындай оқиғаларға себепші болатын батысша киінуді шектеу шарасын ұсынып отыр.
"The Qazaq Times"