Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Жанжүменовтің басшылық етуімен әскери делегация Минскідегі(Беларусь Республикасы) «Белэкспо» көрме орталығында өткен 8-ші халықаралық MILEX-2017 қару-жарақ пен әскери техника көрмесіне барды. Бұл турады Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында жарияланды.
Көрме мақсаты қорғаныс кәсіпорындары мен қос мақсаттағы өнімді шығаратын кәсіпорындардың өнім үлгілерін паш ету, қорғаныс өнеркәсібі өнімін шығарушылар мен тұтынушылар арасында өзара тиімді байланыс орнату үшін қолайлы жағдай жасау болып табылды. Одан басқа, бағдарлама шеңберінде қорғаныс пен қауіпсіздік аясындағы әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері бойынша ғылыми конференция өткізілді.
MILEX көрмесінің ұйымдастырушылары қазақстандық халықаралық «KADEX» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесіне белсене атсалысып, ұдайы негізде 20 қорғаныс кәсіпорны құрамында жекелеген белорус экспозициясын ұсынып отыратынын айта кеткен жөн.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес