Иранның Атом қуаты ұйымының төрағасы Салехи АҚШ президентінің Риядтағы Иранды оқшауландыру туралы негізсіз сөздеріне реакция білдіріп, Уашингтонның Теһранды оқшауландыруға шамасының жетпейтінін айтты деп хабарлайды "Фарс" ақпараттық агенттігі.
Иранның Атом қуаты ұйымының төрағасы Әли Акбар Салехи франциялық Le FIGARO басылымына берген сұхбатында Дональд Трамптың Иранның санкциялар кезінде де оқшау қалмай, даму жолында қадам басқанын біліп жүруге кеңес берді.