Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Сүрия аумағындағы Ракка қаласын «Ислам мемлекеті» содырларынан азат ету операциясына қатыспайтынын айтты.
Ердоған Стамбул қаласында ТЮСИАД кәсіпкерлер ассоциациясында сөйлеген сөзінде «Соңғы уақытта АҚШ, Сүрияның Ракка қаласын содырлардан азат етуге байланысты мәлімдемелер жасап жүр. Егерде біріккен коалициялық әскери күштердің қатарында террорлық ұйымдар болатын болса, біз ондай әскери операцияға қатыспаймыз.» деді.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Сүрияда «Ислам мемлекетіне» қарсы соғысып жүрген күрд әскерилерін қару-жарақпен қамтамасыз етуге байланысты құжатқа қол қойған еді.
Оған ресми Анкара өз наразылығын білдіріп, Сүрия күрдтерінің Түркия аумағында лаңкестік ұйым деп саналатын «Күрдстан жұмысшылар партиясымен» қатысы бар деген болатын.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау