Украина көмір қорын сатып алуға байланысты компаниялар арасындағы әріптестік қатынастарды ескере отырып, ел үшін тиімді үш позицияны ұсынып отыр. Біріншісі – Оңтүстік Африка республикасының Ричардс-Бей көмір терминалы, екінші позицияда – қазақстандық көмір экспорты мен үшіншісі – АҚШ-тың компаниялары қарастырылуда.

Бұрынырақта украин радикалдары Донбастан келетін көмір тасымалын  тоқтатуы салдарынан Украинаның энергетика саласында төтенше жағдай орын алған болатын.

2016 жылы елге көмір ОАР мен Ресейден жеткізілген. РФ-нан 45,8 миллион долларға 566,7 мың тонна, ОАР-дан -  22,9  миллионға 366,6 мың тонна жеткізіліп, энергетика саласын толық қамтамасыз етіп отырған еді.

“The Qazaq Times”