Менің қолым өте кішкене, мейлі қай уақытта болсын сіздер менің мүлтіксіз іс істеуімді талап етпеңіз. Менің аяқтарым да кішкентай, өздеріңізбен ілесіп отырсын десеңіздер, ақырын жүріңіздер.

Мен сіздер сияқты көпті көрген жоқпын. Сіздер мені орынсыз шектей бермей, өз бетімше бақылау жасап, ой түюіме мүмкіндік беріңіздер.

Әке мен бала. Фото: fonstola.ru

Үй жұмысы таусылып бермейді. Ал, менің балалық шағым аз ғана. Сіздер маған ара-тұра уақыт бөліп, өмірлік мәні бар қызықты оқиғаларды әңгімелеп тұрыңыздар. Мені әншейін бір көңіл көтеретін ойыншық ретінде қарамаңыздар.

Менің сезімдерім өте нәзік. Сіздер күні бойы қазымырланып ұрса бермей, маған сезімталдықпен мәміле жасаңыздар. Өздеріңізге қандай позиция ұстансаңыздар, маған да сондай түсінікпен қараңыздар.

АҚШ жалауын көтерген балалар. Фото: world.fedpress.ru.

Мен Тәңірдің сіздерге сыйлаған ерекше тартуының бірімін. Мені аялай біліңіздер. Бауырларыңызға басып, еркелеткен кездерде, іс-әрекеттерім жөнінде ақыл айтыңыздар. Неге сүйеніп өмір сүретінім туралы жөн сілтеңіздер, адамдармен ибалы, мәдениетті болудың жолын үйретіңіздер.

Мен сіздердің көңіл бөліп, жігерлендіріп отырғандарыңызға мұқтажбын. Үнемі сын айтып көңілімді түсіре бермеңіздер. Естеріңізде болсын, сіздер менің өзімді емес, қате жіберген істерімді ғана сынауларыңызға болады.

Сосын, маған еркіндік беріп тұрыңыздар. Өзіме тиісті шаруаларды өзім істейтін болайын. Қателікке бой алдыруыма, сәтсіздікке ұшырауыма да түсіністікпен қараңыздар. Сөйтіп жүріп дұрыс жолды тауып аламын.

Бір сарынды жұмысты маған қайта-қайта істете бермеңіздер. Жұмыс істеудің оңай емес екенін мен де білемін. Алайда, аға, әпкелеріммен салыстыруға ұрынбаңыздар.

Америкалық балалар ата-анасымен. Фото: youtube.com

Аптаның соңғы күнін менімен бірге өткізуден қашқақтамаңыздар. Әке-шешелері кішкентай балаларының қызығына қандай кенелгісі келсе, балалары да ата-анасының мейіріне сондай бөленгісі, алғысы келеді.

Аударған: Шолпан

«The Qazaq Times»