Солтүстік Корея Сохэ ғарыш айлағында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде деп хабарлайды 38 North ақпарат порталы.

38 North ақпарат порталының мәліметінше Солтүстік Кореяның Пхенан-Пукто провинциясында орналасқан Тончхани ұшыру айлағында күрделі жөндей жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді. Ғарыштан түсірілген суреттерге қарағанда, Сохэ ғарыш айлағы маңында жаңадан тас жол төселіп, жаңа бақылау пунктілері салынған. Бұдан бөлек Сохэ ғарыш айлағы жанынан әзірге не үшін екені белгісіз терең шұңқыр қазылған.

2017 жылдың наурыз айында Сохэ ғарыш айлағында Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның басқаруымен жоғары күштегі қозғалтқыш сынақтан өткізілген болатын.

“The Qazaq Times”