АҚШ жергілікті уақытымен сейсенбі күні таңертең, президент Трамп өзінің Twitter парақшасында өзі және Ресей шенеуніктері арасындағы құпиялықтар туралы бөлісті деп хабарлайды «Шинлаң» ақпараттық агенттігінің ресми сайты.
Трамп Twitter парақшасында: «Мен президент ретінде Ресеймен терроризмге қарсы тұру және ұшу қауіпсіздігі турасындағы құпиялықтармен бөліскім келеді. Әрі, менің бұған құқығым бар деп қараймын. Туылып отырған кейбір қоғамдық істердің себебінен болса да, мен Ресейдің «Ислам мемлекеті» және басқа да террорлық ұйымдарға қарсы тұру тебінін арттырады деп үміттенемін», – деп жазған.
Осыдан бұрын көптеген БАҚ өкілдері: Трамп өзінің қызмет кеңсесінде Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдаған кезде, АҚШ-тың ақпаршы агенттеріне қатер төндіретін маңызды құпиялықты жайып салды; ұлттық қауіпсіздікке үлкен қатер төндірді деп хабарлаған еді. (осы жерден көре аласыз) Алайда, бұл хабарды Ақүй өкілдері теріске шығарған болатын.
Бірақ, Трамп өзінің әлеуметтік желі парақшасында жұртшылықтың ең бір алаңдап отырған тақырыбы туралы сөз қозғамаған. Ол болса – оның Ресей өкілімен ортақтасқан ақпараты маңызды құпиялық болып санала ма, жоқ па?
АҚШ-тың БАҚ өкілдері президенттің маңызды құпиялықтарды ашуына белгілі құқығы болғанымен, оны ресейлік лауазымдымен ортақтасуы Американың ұлттық қауіпсіздігіне сай емес деп айыптап отыр. Қалайда, АҚШ президенті мен Ресей сыртқы істер министрінің кездесу кезіндегі талқы тақырыбы америкалықтар үшін күшті алаң туғызып отыр. Көптеген сарапшылардың қарауынша Трамп үкіметінің қауіпсіздік танымы мен шаралары ойдағыдай емес. Бұл америкалықтардың қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп отыр.