3D-Printed Habitat Challenge байқауына әлемнің барлық университеттерінен студенттер мен жас ғалымдар қатысқан. Қазылар алқасының көңілінен шыққан екі команданың жобалары іріктеліп алынды. Branch Technology стартапының жеңімпазы 85 мың доллар ұтып алса, Аляска университетінің командасы 15 мың доллар көлеміндегі сыйақыға ие болған.
Байқау бірнеше кезеңнен тұрады, оның алғашқылары 2015 жылы басталған болатын.
Барлық кезеңдер барысында жобалар түрлі шарттар бойынша сынақтан өткен. Ендігі қорытынды кезеңде жоба авторлары мен өзге ғаламшарларда құрылыс нысандарын салуға ниетті компаниялармен кездесу ұйымдастырылмақ.
3D-Printed Habitat Challenge ұйымдастырушыларының айтуынша, бұл байқау өзге ғаламшарларға бару мен сол жерде өмір сүруге деген алғашқы қадам болып табылады. Ал қатысушылардың жобаларына қарай отырып, адам сенгісіз көрінген жаңалықтың жақын болшақта ақиқатқа айналуына дәлел бола алады.