Өткен аптада әлемнің 74 мемлекетіне 45000 рет шабуыл жасып, мыңдаған копмьютерлерді істен шығарған WannaCry вирусының Солтүстік Кореяға қатысы бар.

Әлемдік киберқауіпсіздік ұйымдарының сарапшыларының айтуынша, WannaCry вирусын таратқан Солтүстік Корея билігі қаржыландыратын Lasarus  хакерлер тобы болуы мүмкін.

Бірақ бұған дейін кибершабуылды АҚШ-тың барлау қызметіне қатысы бар хакерлер тобы жасады деген ақпарат тараған болатын.

 WannaCry вирусымен жасалған кибершабуылдың салдарынан Ресейдің «Мегафон», «Белайн» компаниялары зардап шеккен. Ал Франция мен Румыния елдеріндегі Renault-Nissan компаниясының бөлімшелері өз жұмысын тоқтатқан.

“The Qazaq Times”