Грецияда журналистері мен теңізшілері 17 мамыр күні жаппай шеруге шықпақ.
Бүгін таңғы сағат 6:00 бастап Грецияның мемлекеттік және жеке телеарна, газет, журнал, сайт, радиолары ешқандай хабар таратпай қойды. Греция журналистерінің наразылығы бүгін басталып, ертең жалпы біріккен шерумен аяқталмақ.
Греция журналистері мен теңізшілері ел парламентінде Грецияға несие беруші елдердің нұсқауымен қабылданғалы жатқан заңға қарсылықтарын білдіруде. Осыған байланысты 17 мымыр күні Грецияда жалпы ұлттық наразылық шеруі өткізілмек.