Қасиетті кітаптардың бәрінде ашық айтылатын бір дүние бар. Ол – жер бетін адамдардан бұрын жындардың мекендегені туралы. Сол себепті, әлем халықтарының барлығының ілкі төрден жалғасып келе жатқан аңыз-әфсаналарында жын-пері туралы молынан айтылады.
Біз технограттық заманда өмір сүріп жатқандығымыз себепті, қазір өзімізбен бірге жасасып келе жатқан жындарды ескермей жүрміз.
Көше бойлап келе жатып ту сыртыңнан бірдеудің тесіле қарап тұрғанын сезініп көрдіңіз бе? Әлдеқайда бір алыс қалаға барғанда, құжынаған қалың топтың ішінен өзіңнің бір таныстарыңды көріп қалғандай болдың ба? Төсекте көзің ілініп бара жатқанда әлдекім түріп қалғандай оянып көрдің ба?
Болмаса тосын бір оқиғаны алғаш көргеніңде, тура сол дүниені әлдеқашан өміріңінің өткен бір кезеңінде көргендей сезілді ме?
Тағы сол секілді тылсым оқиғалар әр адамның басынан күнделікті өтіп тұратыны ақиқат. Ал, осының дені жынмен байланысты.
Бұл туралы көбірек білгіңіз келсе, біздің “Мистика” атты айдарымыздан біраз нәрсеге қанық болаыздар.
"The Qazaq Times"