"Фарс" ақпараттық агенттігінің хабарлауынша Американың Қорғаныс министрі Джеймс Матис Ауғанстандағы америкалық әскерилердің санын көбейткенін айтқан.

Джеймс Матис жақында АҚШ президенті Дональд Трампқа Ауғанстандағы америкалық әскерилердің санын арттыру ұсынысын жасайтынын мәлімдеді. Трамптың кеңесшілері Ауғанстанға 3 мыңнан 5 мыңға дейін жаңа күш аттандыруға рұқсат етуді сұраған. АҚШ президенті осы айдың аяқ шенінде Брюссельге сапарында НАТО мүшелерімен келіссөзде осы елдің Ауғанстандағы әскерилерінің санын көбейту туралы шешім қабылдауы тиіс. қазіргі кезде Ауғанстанда Американың 8400 әскериі бар. АҚШ бұдан бұрын осы елдің Ауғанстандағы әскери миссиясының 2014 жылы ресми түрде аяқталғанын, америкалық күштердің ауған әскерилерін оқу-жаттығудан өткізіп жатқанын мәлімдеген болатын.

“The Qazaq Times”