Бір ғана «сенсация бомбасы» АҚШ ақпарат саласын жарып тастады деп хабарлап отыр CNN телеарнасы. Американы дүрліктірген жаңалықтың мазмұны мынадай: АҚШ-тың 42-ші президенті Билл Клинтон әйгілі «Триллер патшасы» Джеймс Паттерсонмен бірлесе отырып, Ақүйді артқы көрініс еткен триллер жанрындағы шығарма жарияламақ. Бірлескен авторлардың айтуынша шығарманың атын «Президенттің жоғалуы» деп қойғалы отыр.
Шығарма авторларының айтуынша, Клинтон тырнақ алды туындысында саясаттың кір бетін тырнап ашпақ. Тіпті бұл шығарма толықтай «Тек қана АҚШ президенті болған адам білетін әңгімелерге» құрылмақ. Сырт көз сыншыларының пікіріне сенсек, аталған шығарма Ақүйдің аз болмаған құпиясын әлемге паш етіп, шыға салысымен Америкадағы ең өтімді кітапқа айналғалы тұр.
Өзінің шығармашылық жұмысы туралы Клинтон: «Президенттік қызмет туралы әңгіме жазу кім-кімге болсын қызығарлық жұмыс екені рас. Менің бұған қаблетім жетеді. Менің айтқым келгені Ақүйдің шынайы бет-бейнесі мен Ушингтонның жұмыс жасау формасы. Ал, шығарманың көркемдеуші авторы Паттерсон: «Маған керегі Ақүйдің жұмбақ әңгімелері. Тек сол ғана болса болды, мен әлемдік шығарма жазамын. Ал, президент мырза менің қажет еткенімді толықтай бере алады», – деп салды.
Америка жұртшылығы бұл ақпаратты ести салысымен шығарманың қолдарына жетуін асыға күтуде. Олар Американың тағдырын қолына ұстап отырған Ақүй ішінде қанай құпиялықтар мен сырлы әңгімелер болатынын білгісі келеді. Алайда бұл жаңалықтың Уашингтондағы жоны жуан саясаткерлерге ұнамайтыны айдан анық.