"Фарс" ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков Уашингтонда АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Томас Шенонмен кездескен. Екеуара өткен келіссөзде:"Қарым- қатынасты қалпына келтіру үшін Америкада тәркіленген Ресейдің дипломатиялық орындары қайтарылуы керек" деген мәселе көтерілді.
Американың бұрынғы президенті Барак Обама үкіметінің шаралары Мәскеу мен Уашингтон қарым- қатынасында текетірестердің күшеюіне себеп болды» деді.
Ресей мен АҚШ Сыртқы істер министрлері Сергей Лавров пен Рекс Тиллерсонның кездесуі қарсаңында, қос жақты байланыстар нашарлаған үш жылдан кейін Мәскеу Уашингтонмен арасын жақсаруы үшін шарт қойды.
Американың бұрынғы үкіметі 2016 жылдың желтоқсан айының аяқ шенінде Уашингтон мен Сан-Франсиско қаласындағы Ресейдің дипломатиялық орталықтарының 35 қызметкерін «Америкадағы сайлауға араласты» деп елден қуып, Ресейге тиесілі дипломатиялық иммунитетке ие екі ғимаратты тәркіледі.
Америкадағы президент сайлауы алдындағы сарапшылардың "Доналд Трамп президент бола сала АҚШ пен Ресей арасы тарихта болмаған дәрежеде жақындасады. Тіптен өте жақын одақтарға айналады" деген болжамы әлі іске аспай келеді.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы