Мәскеу Анкараға құны 500 млн доллар тұратын әуе шабуылынан қорғайтын С-400 зымыран жүйесін сатып алуды ұсынған. РБК ақпарат агенттігінің мәліметінше, келіссөздер бірнеше айдан бері жалғасып жатыр. Сәуір айының соңында Түркия билігі келісімнің аяқталуға жақын екенін мәлімдеген.
Режеп Тайып Ердоған мен Владимир Путин арасында С-400-ті жеткізу туралы әңгіме Түркия басшысының Сочиге сапары кезінде талқыланған. Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков екі жақты кездесудің жақсы өткенін хабарлаған. Дегенмен, әзірге келіссөз туралы нақты ақпарат жоқ. Ал ресейлік Стреатегиялық зерттеу орталығының директоры Иван Конвалов "бұл Ердоғанның Еуропалық одақ пен АҚШ-қа қыр көрсетпек болған саяси ойыны" дегенді айтады.
"Еуропалық одаққа қатысты айтар болсақ, Ердоған одаққа ешқашан мүше бола алмайтыны үшін қыр көрсетуі мүмкін. Оның үстіне 16 сәуірде Түркиядағы референдумда оның жеңіске жетуіне қатысты ЕО қатты сын айтты. Ал АҚШ пен Түркия арасында Сириядағы күрттердің өзін-өзі қорғау отрядына қатысты түрлі көзқарас қалыптасқан. Сондықтан Анкараның С-400-ді сатып сатып алу туралы келіссөзі АҚШ пен Брюссельді алаңдатпай қоймайды", - дейді ол.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы