Полшаның Повидзе әуе базасына АҚШ-тың Black Hawk тікұшақтары келіп қонды деп хабарлайды Defence24.pl ақпарат порталы.
Алдағы апталарда Повидзе әуе базасына АҚШ әуе күштерінің AH-64 Apache шабуылдаушы және CH-47 "Чинук" ауыр жүк тасмалдаушы тікұшақтары келеді деп күтілуде.
Бұдан бұрын қаңтардың 14 күні Полша АҚШ-тың танк бригадасын салтанатты түрде қарсы алған болатын. Ал Полша бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде АҚШ әскерилері «Атлант шешімі» әскери операциясы барысында ел аумағында 9 ай болады деп хабарланған еді.
АҚШ-тың Полшадағы европалық одақтсатарымен бірлескен әскери оқу-жаттығу жұмыстарына 3,5 мың адам, 87 танк, 18 Paladin гаубицалары, 400 Humwee авто көліктері мен 144 Bradley БМП-сы қатысады.
“The Qazaq Times”


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау