Сочиде Ресей президенті Владимир путин мен Түркия басшысы Режеп тайып Ердоғанның кездесуі басталды деп хабарлайды РИА Новости.
Кездесу барысында Владимир Путин «Жұмыс барысында кездесіп екі ел арасында келіссөз жүргізу өте жақсы. Бұл Түркия мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың жаңа деңгейге көтерілгенінің белгісі.» деді.
Ал Реджеп Тайып Ердоған өз кезегінде «Біздің арқамызда ауыр жүк, әрі үлкен жауапкершілік тұр. Таяу Шығыс мәселесінің шешілуі біздің бірлесім жасаған қадамдарымызға байланысты» деген.
Кездесу алдында бұқаралық ақпарт құралдары беттерінде Ердоған мен Путин Сүрия мәселесі мен Хан-Шейхуни қаласында қолданылды деген химиялық қару жайында әңгіме қозғайды делінген болатын.
Осыған дейін Түркия мен Ресей басшылары 10 наурызда Мәскеуде кездескен еді. Ол кезде Путин мен Ердоған 2015 жылы Түркиялық әскерилер Сүрия аумағында Ресейлік Су-24 ұшағын атып түсіргенен кейінгі екі ел арасындағы түсінбеушілікті жою керектігі жайында уағдаласқан болатын.
“The Qazaq Times”


















Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер
Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?