Солтүстік Корея мәселесінің ушығып тұруына байланысты АҚШ өзінің тағы бір континент аралық зымыранын сынақтан өткізбек деп хабарлайды Fox News теле арнасы.
Бұл жолғы Minuteman III континент аралық зымыран сынағы 3-ші мамырға белгіленіп отыр. Minuteman III баллистикалық зымырандарына ядролық зарядта орналастыруға болады. 27-ші сәуірде Пентагон Minuteman III баллистикалық зымыранын Калифорнияда орналасқан Ванденберг әскери базасынан сынақтан өткізген еді.
Ал Солтүстік Корея 29-шы сәуірде өзінің тағы бір баллистикалық зымыранын сынақтан сәтсіз өткізген болатын.
АҚШ-тың Minuteman III баллистикалық зымыраны 12 мың шаршы шақырымды тас-талқан етуге қауқарлы.
The Qazaq Times
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы