Солтүстік Корея баллистикалық зымыранын сынақтан өткізгенен кейін Ресейдің Қиыр Шығыстағы әуе қорғанысы күштері ұрыс жағдайына өтті деп мәлімдеді РФ қорғаныс және қауіпсіздік комитеті басшысының орынбасары Виктор Озеров РИА Новости ақпарат көзіне.
Озеров РИА Новостиға берген сұхбатында «Біз Солтүстік Кореядағы жағдайды мұқият бақылап отырмыз. Қазіргі таңда Ресей Федерациясының Қиыр Шығыстағы әуе қорғанысы күштері жоғары деңгейдегі әскери дайындық үстінде» деді.
Кеше жұмадан, сенбіге қараған түні Солтүстік Корея өзінің баллистикалық зымыранын сәтсіз сынақтан өткізгендігі жайында ақпарат тараған болатын. Бұл бірінші сәтсіз сынақ емес, бұған дейін 16-шы сәуірде Пхеньянның тағы бір зымыраны діттеген жеріне жетпей жарылып кеткен еді.
"The Qazaq Times"

















Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі