Экшн-камера

Қазіргі таңда экшн-камералар көп, бірақ оларды сатып алуға кез-келгеннің жағдайы жете бермейтіні ақиқат. Сонымен қоса, көбісінде қажетті функциялары жетіспей жатады. Бірақ Kickstarter  платформасында осы кемшіліктерді жоятын жаңа камералар жасалып жатыр.

Бұл CAMEO360 камерасы – әлемдегі ең кішкентай екі еселенген линзалы  360-бұрышты 4К камерасы. Бұл камераны жасау жұмыстары 2015 жылы басталған болатын. Құрылғы өзінің кішкене көлеміне қарамастан, бейнені 4К сапада, ал суретті 24 Мп-ге дейінгі сапамен түсіреді. Сонымен қоса, суреттерді, бейнелерді реттеп, жіберуге де қолайлы фунцияларымен ерекшеленеді.

Камераларды арнайы пульттермен  қашықтықтан басқаруға да болады. Басқа құрылғылармен жалғау үшін WiFi 5G және Bluetooth 4.0 чиптері де қарастырылған. Осындай функцияларына қарамастан камераның салмағы небәрі 96 грамм және көлемі 46х46 мм.

CAMEO-ның ең ерекше мүмкіндіктерінің бірі  - Facebook немесе Youtube желілерінен тікелей трансляция жасауға да болады.

CAMEO360 сатылымға осы жылдың тамызында шығарылады. Оның бағасы 269 доллардың шамасында болмақ.

“The Qazaq Times”