Еуроодақ сыртқы саясаттың негізгі мәселелері бойынша Ресеймен диалогты кеңейткісі келеді. Бұл Еуропалық елдер мен Ресей қарым қатынасының біршама оңала бастағанының алғашқы көрінісі деп бағаланып отыр. Ал мұның керісінше ЕО АҚШ-тың сыртқы саясатына деген алаңдаушылығы барған сайын күшейіп келеді. Бұл туралы “The Wall Street Journal” басылымы хабарлаған болатын еді.

ЕО Сыртқы саясат бөлімінің басшысы Федерико Могерини (Federica Mogherini) осы тақырыпты талқылау үшін осы аптаның басында Мәскеуде сапарда болып, Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті. Бұл 2014 жылдың жыл басында Украина дағдарысы туылғаннан бері қарай ЕО жоғары лауазымдысының алғаш рет Кремльдің негізгі өкілдерімен кездесуі.

Екі тараптың арасындағы тығыз байланысқа Қырым және Украинаның шығысындағы мәселелерден кейін үзіліс жарияланды. Содан бері Еуропалық Одақ қарым-қатынас мүмкіндігін қайта реттеуге тырысып келді. Екі жақтың қатынасы үзілуден бұрын, ЕО-Ресей екі жақтың кезекті саммиті өткен болатын. Онда Энергетика және сауда-саттық жақтарындағы ортақ сыртқы саясатты қарастырып еді.

Кейбір ЕО-ға мүше елдер Ресеймен қарым-қатынасты жақсартуға шақырды. Дегенмен кей еуропалық елдер ресейге күшті экономикалық санкция салуды қолдайды. Могеринидің айнуына қарағанда қазір екі жақта тіресуді тоқтатып, екі жақтың да экономикалық мүдделерін ескеретін, тың серпілістің жолдарын қарастыратын кез екен.

The Qazaq Times