2018 жылы АҚШ Украинаға қаржылай көмегін 70 пайызға қысқартпақ деп жазады Голос Америки ақпарат көзі.
Бұған дейін 2018 жылы АҚШ, Украинаға 570 миллион қаржы бөлуді жоспарлаған еді. Алайда 2018 жылғы АҚШ бюджетін қабылдау барысында бұл қаражат 177 миллионға дейін қысқартылған.
Бұдан сәл ертеректе АҚШ өзінің дамушы елдерге қаржылай көмегін қысқартып, бар қаражатын әскери күштеріне жұмсауды ойластырып отыр деген ақпарат тараған болатын.
"The Qazaq Times"