Арктиканың мұзы еруде. Бұл аймақ енді табиғи зертхана емес, геосаяси күрес алаңы. Ресей, Қытай және Батыс елдері Арктикадағы жаңа дәуірді бастады.
Ресей Арктикада әскери инфрақұрылымын күшейтіп, атомдық мұзжарғыштар санын арттыруда. Қытай "Арктикалық Жібек жолын" дамытуды жоспарлауда – бұл Солтүстік теңіз жолдарын пайдалану арқылы логистика мен транзиттік жүкті көбейтеді.
Ұлыбритания Арктиканы "жаңа қауіп аймағы" деп жариялап, қорғаныс стратегиясын өзгертуде.
Арктика – табиғи ресурстардың қоймасы. Мұнда мұнай, газ, сирек металдардың орасан қоры бар. Сонымен қатар, Арктикалық бағыт Еуропа мен Азия арасындағы ең қысқа теңіз жолы. Сондықтан бұл аймақ үшін күрес – экономикалық та, әскери де.
Арктикада "жаңа қырғи-қабақ соғысы" басталуы мүмкін. Табиғи ресурстар мен логистика үшін бәсеке енді қарқын алуда.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі