Жұма күні Филиппиннің жоғары лауазымды әскерилері Оңтүстік Қытай теңізіндегі даулы тақырыпқа айналған аралдарға барды. Көптеген елдер өзіне тәуелді деп таласатын бұл аралдарды іс жүзінде Филиппин қарамағына алып отыр. "Шинхуа" агенттігінің және "The Wall Street Journal" басылымының хабарына қарағанда, Филиппиннің әскери ұшағы осы аралға қонудан бұрын, Қытай жақ оларға сымсыз телеграф арқылы төрт рет ескерту жасаған. Қытай, Вьетнам және Тайуан (Тайвань) қатарлы елдер де бұл аралды өз территориясы санайды.
Бұл рет айтылмыш Геса ( Gesa) аралына Филиппиннің қорғаныс министрі Delfin Lorenzana командаға бас болып барды. Қытай жақтың қарсылығы жайында ол: «Бұл Қытайдың әдеті ғой, әрі бұнда ешқандай айқай-шу шыққан жоқ» деді сыпайы түрде. Қытай жақ оңтүстік теңіздегі су алаптарының басым бөлігі өздеріне тән екенін және осы алаптарға жасанды аралдар салып, әскери құрылғылар орнатқанын көлденең тартуда. Қытай жақтың осы аралдағы иелік құқығы туралы екі ел келісімге келе алмай-ақ келеді. Дегенмен, Филиппиннің жаңа басшысы Дуде (Dude) таққа отырғаннан бері екі мемлекет арасында татулық орнай бастаған.
Алайда, сәуір айы туғалы бұл төңірек тыныш емес. Әсіресе, Қытай жақтың қимыл-әрекеті қитығына тиген Дуде өз елінің әскерлеріне даулы аралдарға барып орналасуға бұйрық берген. Мемлекет басшысының бұйрығын бұлжытпай орындаған Delfin Lorenzana жұма күні өзінің сапарын тек қана Геса (Gesa) аралындағы құрылғыларды көзден кешіру деп түсіндірді.
Әлем елдері сақтыққа көшкен бүгінгі таңда, саясаттанушылардың маңызды тақырыбына айналған Оңтүстік Қытай теңізіндегі аталған елдердің қимылдары тегіннен-тегін емес. Бірнеше жыл ілгері Қытай мен Филиппин арасында Хуан Ян аралы жанжалы болған еді. Жанжал ушығып, екі ел қару жұмсауға аз-ақ қалысып еді. Әне сол шекаралық дау әлі де шешімін таппай жатып, Қытай мен Филиппин арасында жаңа даулы тақырып орын алып отыр.
The Qazaq Times


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді