Қазақстан Ресей ғарыш айлақтарының бас операторы «Жердегі ғарыш инфрақұрылымын пайдалану орталығының» мүлкін бұғаттады. Бұл жөнінде The Moscow Times басылымының орыс қызметі хабарлады.
Басылым мәліметінше, «Роскосмос» мүлкінің бұғатталуына Ресей операторының «Бәйтерек» компаниясына (Қазақстан мен Ресейдің бірлескен компаниясы) 13,5 млрд теңге берешегі себеп болған. Бұл қарыз «Союз-5»зымыран тасығышының қоршаған ортаға әсерін бағалау жұмыстарына байланысты пайда болған.
Қазақстан сот орындаушылары Ресей операторының Қазақстаннан материалдық құнды заттарды алып шығуына және оператор жетекшілерінің тергеу аяқталғанша республикадан кетуіне тыйым салған.
Ғарышты игеру бағдарламасын бірге жүзеге асыру үшін 2005 жылы Қазақстан мен Ресей бірлесіп, «Бәйтерек» кәсіпорнын құрған. Бағдарламада улы гептилмен ұшатын «Протон» зымыран тасығышының орнына экологиялық тұрғыдан залалсыз зымыран тасығыш пайдалануға көшу көзделген. Жаңа старт алаңын салу жоспарланғанымен, ол кейінге қалды.
Жергілікті БАҚ Қазақстанның қатаң талапқа көшкені «Роскосмостың» жаңа басшысы Юрий Борисовтың Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинді сынағанына қатысы бар болуы мүмкін деп болжайды. Борисов оны «Қазақстан старт алаңының құрылысын жарты жылға кейінге қалдырды» деп сынаған. Мусин Борисовтың сынын «дипломатиялық қате» деп атаған.


















Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?